Олег Сергеевич Хориков
Тарих беттері
Олег Сергеевич Хориков, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Олег Сергеевич 1940 жылы Саратов облысы Федеров ауданының Романовка селосында туған.1965 жылы Саратов ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады. 1967-1970 жылдар аралығында аспирант болды. 1970 жылы жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасына кіші ғылыми қызметкер лауазымына тағайындалып, арада бір жыл өткен соң осы зертхананың аға ғылыми қызметкерлігіне ауыстырылды.
1971 жылы Ленинградта ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы үшін ізденіп «Солтүстік Қазақстан құрғақдалалы аймағында жаздық жұмсақ бидайдың сұрыпішілік өзгергіштігі» тақырыбында диссертациясын қорғап шықты.
1972 жылы станцияаралық сұрыпты сынақтан өткізу зертханасының меңгерушісі болып еңбек етті. 1975 жылы директордың ғылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
О.Хориков аудандастырылған жаздық бидайдың 5 сұрпын шығарған. Олар Целинная Юбилейная, Целинная 24, Целинная 3с, Акмола2 және Эритроспермум 35 сұрыптары.
1 122 -рет қаралды