Владимир Александрович Зыкин


Тарих беттері
Владимир Александрович Зыкин Башқұрт АКСР Бирск қаласында туған. Краснокамск орта мектебін тәмамдаған соң Д.Н.Прянишников атындағы Пермь ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1959 жылы аяқтап шықты.
1959 жылғы маусымнан бастап Павлодар тәжірибе станциясында (бүгінде Павлодар АШҒЗИ) егіншілік бөлімінің кіші ғылыми қызметкері,  кейін осы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарды. Станцияда жұмыс істеген жылдары қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысып, комсомол ұйымының хатшысы, аудандық комсомол комитетінің мүшесі болды.
Кейін,  1962 жылы бірнеше ай тәлімі сұрып учаскесін басқарып,  сол жылы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының аспирантурасына түскен соң, желтоқсан айынан бастап БӨИ-дің Қазақ тірек пунктіне жетекшілік етті.
Танымал тритиколог, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы,  профессор Моисей  Маркович Якубцинер В.А.Зыкиннің ғылыми жетекшісі болды.
Ғалым ретінде қалыптасуына Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ғылым академиясының академигі В.Кузьминнің ықпалы зор болды.
1967 жылдың мамырында Владимир Александрович ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағы үшін "Қазақстанның солтүстік далалық аймағындағы жаздық бидайдың әлемдік коллекциясы" тақырыбындағы диссертациясын қорғап, 1968 жылы сәуірде Омбыдағы Сібір ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жаздық жұмсақ бидайдың селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері лауазымына конкурстан өтті.
1972 жылы сол жерде зертхана меңгерушісі бола жүріп, жаңа сұрыптар шығарумен айналысты. Терең білімі мен зеректігінің арқасында аз уақыттың ішінде "Батыс-Сібір жазығының оңтүстік жағдайында жұмсақ жазғы бидай селекциясы" тақырыбында докторлық диссертациясын дайындап шықты. Ол 1988 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ал 1991 жылдан профессор атанды.
В.А.Зыкин 1993 жылы Ресей ауыл шаруашылығы академиясының корреспондент мүшесі болып сайланып, ал 1997 жылы академик ретінде "РФ Еңбек сіңірген ғылым қайраткері" атағына ие болды.
Ол 20-дан астам жазғы жұмсақ бидай сұрпының авторы, 35-тен астам авторлық куәлік пен патенттің иегері.
Оның шығарған сұрыптары 4 млн га аумаққа егілген. Ол әдістемелік жоспар,  атап айтқанда жүйелік талдау тұрғысынан будандастыру үшін парды таңдау мәселесімен айналысқан.скачать dle 12.0
1 706 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх