Татьяна Никитична Дворникова
Тарих беттері
Татьяна Никитична Дворникова, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Т.Дворникова 1962 жылы Қорған мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының «Агрономия» факультетін тәмамдаған. Оның БАШҒЗИ-дағы еңбек жолы 1959 жылы аға зертханашылықтан басталып, кейін кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, ұйымдастыру-әдістеме бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1964-1967 жылдар аралығында БАШҒЗИ-дың аспирантурасында іштей оқыды. 1970 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағы үшін Улан-Удэде «Целиноград облысында оңтүстік корбанатты қара топырақты жерлерінде таза парды эрозияға қарсы өңдеу» тақырыбында диссертация қорғаған. Оған 1976 жылы «Жалпы егіншілік мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы беріледі.
Татьяна Никитична БАШҒЗИ-дың аграрлық топырақ тану бөлімінде жұмыс істей жүріп, жел эрозиясымен күресудің теориялық мәселелерін дайындаумен, оны еліміздің түрлі өңірлерінде енгізумен шұғылданған. Сондай-ақ ол еліміздегі агрономиялық және инженерлік саладағы 30 ғылыми-зерттеу мекемелерінің жұмысын үйлестірумен, олардың жылдық ғылыми зерттеу жоспарларын әзірлеумен айналысқан.
Ғылыми жұмыспен айналысқан жылдар ішінде көптеген басылымдарды ғылыми мақалалары жарық көрді.
Т.Дворникова құрмет грамоталарымен, «Тың және тыңайған жерлерді игеру», «Академик А.И.Бараевтың туғанына 100 жыл
толуына орай» естелік медальдарымен марапатталған.
897 -рет қаралды