Николай Васильевич Шрамко
Тарих беттері
Николай Васильевич Шрамко, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Н.Шрамко 1940 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысы Зеренді ауданының Подлесное селосында туған. 1959-1962 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді. Әскерден оралған соң Зеренді селосындағы 13-ші автобазада автослесарь болып еңбек жолын бастады. 1963-1968 жылдары Целиноград ауыл шаруашылығы институтында білім алды. Жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, 1968-1976 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында ауыспалы егістер зертханасында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 1972 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты атағы үшін Целиноградта "Целиноград облысының оңтүстік карбонатты қаратопырағындағы астық парына арналған ауыспалы егістердің агротехникалық бағалау" тақырыбында диссертациясын қорғады. 1976 жылы БАШҒЗИ-да ауыспалы егістер зертханасына меңгеруші болды. Н.Шрамко 55 мақала мен 1 монографияның авторы.
1 303 -рет қаралды