Николай Михайлович Бакаев
Тарих беттері
Николай Михайлович Бакаев, агроном-ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Н.Бакаев 1931 жылы 14 желтоқсанда Алматы облысының Алакөл ауданы Дзержинск селосында туған. 1951-1952 жылдары математика, физика пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті. 1952-1957 жылдар аралағында Қазақ ауыл шаруашылығы институтында білім алған. 1957-1961 жылдары Егіншілік бөлімінде ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1961-164 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аспирант болды. 1964 жылы Топырақтың су режимі мен ылғал жинау зертханасына меңгерушілік етті. Н.Бакаев 1966 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін Целиноград қаласында «Целиноград облысында еріген суларды тоқтатудың агротехникалық әдістері» тақырыбында диссертация қорғайды.
Н.Бакаев 1 монография, 88 мақаланың авторы, сондай-ақ 2 өнертабыстың иесі.1 272 -рет қаралды