Майя Васильевна Карпенко


Тарих беттері
Майя Васильевна Карпенко, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
М.Карпенко 1937 жылы 1 мамырда Днепрпетровск облысының Никопольский ауданы Новоивановка селосында туған. 1960-1961 жылдары Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында егіншілік бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып еңбек етті. 1961-1964 жылдары БАШҒЗИ жанындағы егіншілік бөлімінің аспиранты болды. 1964 жылы БАШҒЗИ-дың егіншілік бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 1964-1965 жылдары кадрлар ұсыну жөніндегі ғылыми қызметкер болды. 1965 жылы БАШҒЗИ-да егіншілік бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып еңбек етті. 1966 жылы ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін Мәскеу қаласында «Целиноград облысында жаздық бидайды себудің мерзімдері» тақырыбында диссертация қорғаған. М.Карпенко 1992 жылы құрметті зейнеткерлікке шықты. Ол «Тың жерлерді игергені үшін», «Адал еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медальдарымен марапатталған. Ол 52 мақаланың авторы.
скачать dle 12.0
1 588 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх