АШҒӨО ғалымдары мерейтойлық медальмен марапатталды


Жаңалықтар
2019 жылғы 23 қарашада «А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нда Шортанды ауданының 80-жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті.
Шараны Шортанды ауданының әкімі Ғайдар Қасенов құттықтау сөзімен ашты. Аудан әкімі «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС қызметкерлерін, атап айтқанда ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, АШҒӨО бас директорының бірінші орынбасары Абдумамат Кочоровты, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, АШҒӨО бас директорының орынбасары Бақыт Ирмулатовты, биология ғылымдарының кандидаты, АШҒӨО ғылыми хатшысы Галина Чуркинаны «Шортанды ауданының 80-жылдығы» мерейтойлық медалімен марапаттады. Әкім ғалымдардың Шортанды ауданының дамуына қосқан үлесіне жоғары баға беріп, атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Шортанды ауданындағы аграрлық саланың дамуына өлшеусіз үлес қосқан А.И.Бараев атындағы АШҒӨО еңбек ұжымын «Астық дақылдары өндірісі бойынша үздік кәсіпорын» деп танып, марапат ұсынылды.
скачать dle 12.0
778 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх