Аграрлық ғалымдардың АӨК-тің дамуына қосқан үлесін Ақмола облысының басшылығы жоғары бағалады
Жаңалықтар
2019 жылғы 21 қарашада Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесіне орайластырылған салтанатты жиында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерін марапаттады.
Ақмола облысының әкімі А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-ының бас директоры, академик Кенже Абдуллаевқа Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан қомақты үлесі және жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін марапатты табыс етті. Кенже Абдуллаев Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлына марапат үшін, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдар ұжымының еңбегіне зор баға бергені үшін алғыс білдірді. АШҒӨО ғалымдары еліміздің аграрлық ғылымын дамытуға, оның әлемдік нарықта бәсекелес болуы үшін одан әрі еңбектене бермек. Биыл ғалымдарымыз түрлі шөптердің селекциясына, пайдалы модель мен өнертабысқа 12 патент иеленіп отыр.
1 192 -рет қаралды