А.И.Бараев атындағы АШҒӨО "Саланың үздігі" атанды


Жаңалықтар
Ұлттық бизнес-рейтингтің мәліметтеріне сәйкес, «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО»  ЖШС "Саланың үздігі" марапатына ие болды.

Орталық экономиканың дамуына үлес қосқан үздік кәсіпорынның бірі ретінде марапатталды. Осылайша А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Қазақстан Республикасының 100 үздік компаниясының Алтын рейтингіне еніп отыр.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бизнес-көшбасшылардың 48-ші жылсайынғы кездесуі өтті. "А.И.Бараев атындағы АШҒӨО" ЖШС бас директоры Кенже Абдуллаев салтанатты іс-шараға қатысып, Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтингінің ұйымдастыру комитеті төрағасы Г.Хабибрахмановадан марапатты қабыл алды. Гүлнар Хабибрахманова АШҒӨО-ның бүгінгі марапаты Орталықтың табысты дамуы мен ғылыми-тәжірибелік жетістіктерінің деңгейін көрсететінін жеткізді. Кенже Абдуллаев АШҒӨО қызметіне жоғары баға берген ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, "Марапат жаңа технологияларды енгізу, көпжылғы қажырлы еңбек, ауыл шаруашылығы дақылдары селекциясы саласындағы ғылыми жаңалықтар, нақты егіншілік, агрохимия және суландыру жүйесі енгізу бағытында жұмыс істеп жатқан Орталықтың жалпы ғалымдар ұжымы еңбегінің жемісі" деп атап өтті.
Айта кетейік, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Қазақстанның аграрлық ғылымының астық дақылдары бойынша бас ғылыми ұйым болып табылады.
скачать dle 12.0
1 112 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх