А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Халықаралық көрменің алтын медалін иеленді
Жаңалықтар

Ұйымдастырушылар А.И.Бараев атындағы АШҒӨО көрме стендінің мазмұндылығын атап өтті. Үш күнге жалғасқан көрмеде АШҒӨО стендіне бірнеше жүздеген адам келіп, Орталықтың жетекшілері екіжақты, оның ішінде шетелдік компания өкілдерімен кездесулер өткізді. Орталықтың ғалымдары нақты егіншілік, астық дақылдарының селекциясы, агрохимия, ауыл шаруашылығы алқаптарын суландыру, ауыспалы егістер және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиялары салалары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "KazAgro" медалі ел экономикасының дамуына зор үлес қосып келе жатқан компанияларға табысталады. Форумдағы жұмыстарына жоғары баға алған АШҒӨО ғалымдары ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Ал алтын медаль Орталық ұжымының бұған дейін алған марапаттар қатарын толтырмақ.
1 190 -рет қаралды