А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары Назарбаев Университеті өкілдерімен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына Назарбаев Университетінің өкілдері келді.
Сапар аясында А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры, академик Кенже Абдуллаев «Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ инновациялық даму жөніндегі директор Абзал Дәрібаевпен кездесіп, әріптестеріне АШҒӨО-ның ғылыми-практикалық қызметінің басты бағыттарын, оның ішінде нақты егіншілік, астық дақылдарының селекциясы және ауыл шаруашылығы дақылдарын суару технологияларының нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар қонақтарға АШҒӨО зертханаларының және Жобаны басқару орталығының (ЖБО) жұмысы көрсетілді. ЖБО-да оларға өнімділікті мониторингілеу жүйесінің көмегімен агрономиялық мәліметтер және өнімділіктің электрондық картасы қалай қалыптастырылатыны айтылды.
Кездесуде ынтымақтастық мәселелері талқыланып, ғылым және инновацияда әріптестікті дамытуға келісті.
скачать dle 12.0
1 059 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх