А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары ашық сабақ аясында оқушыларға Қазақстанда аграрлық ғылымның дамуы туралы айтып берді


Жаңалықтар

2019 жылдың 10 қазанында А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары Шортанды кентінің №1 орта мектебінің 7 сынып оқушыларына экскурсия өткізді. Орталықтың ғылыми қызметкерлері нақты егіншілікте, астық дақылдары селекциясында және егістерде қандай заманауи технологияларды пайдаланып жатқанын айтып берді.
Мектеп оқушыларына АШҒӨО-ның зертханаларының және Жобаларды басқару орталығының (ЖБО) жұмысы көрсетілді ЖБО-да оқушыларға өнімділікті мониторингілеу жүйесінің көмегімен агрономиялық мәліметтер мен өнімділіктің электрондық картасына қалай қол жеткізілетіні түсіндірілді.

Экскурсия аясында география пәнінің мұғалімі Меруерт Жылқыбаева «Алқапқа зерттеуді қалай жүргізуге болады» деген тақырыпқа ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мазмұнды өтуіне Орталықтың ғалымдары да атсалысып, өздері қызмет ететін бөлімдердің жұмысы туралы әңгімеледі.

Сондай-ақ оқушыларға Орталықтың тарихи мұражайы көрсетілді. Мұражай қызметкері оларды Солтүстік Қазақстандағы аграрлық ғылымның тарихымен таныстырып, Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының негізін қалаушылар туралы мағлұматтар берді.

Орталықтың ғалымдарымен бетпе-бет жүздесуден кейін оқушылардың көпшілігінің болашақта агроном, селекционер және топырақ зерттеуші мамандығына қызығушылығы оянды. Олар туған өлкенің географиялық, агрономиялық ерекшеліктерін танытқан қызықты экскурсияны ұйымдастырушы мамандарға алғыс білдіріп, мұнда алдағы уақытта тағы да келетіндіктерін айтты.


скачать dle 12.0
1 254 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх