Ашық демонстрациялық алаң салу туралы кеңес өтті


Жаңалықтар
А. Бараев атындағы АШҒӨО "ҰАҒБО" КеАҚ басшылығымен ашық демонстрациялық алаң салу туралы кеңес өтті.А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ басшылары, "ҰАҒБО" КеАҚ Басқарма төрағасының м.а. және ғылым және білім жөніндегі Басқарушы директор Исламов Есенбай Исраилұлы, ғылым және білім жөніндегі департамент директоры Сәтенбаев Еркен Нышанбайұлы, активтерді басқару департаментінің директоры Джадаев Марат Маралұлы және активтерді басқару департаментінің бас менеджері Жармұхамбетова Дамира Төлегенқызы келді.
А. Бараев атындағы АШҒӨО бас директоры Кенже Абдуллаев "ҰАҒБО" КеАҚ өкілдеріне орталықтың әкімшілік ғимаратының жанында ашық демонстрациялық алаң салу жоспарымен таныстырды. Бұл алаңның мақсаты ғылыми зерттеулер мен орталық ғалымдарының жетістіктерін көрсету. Алаңға зерттелетін дақылдар мен көпжылдық шөптердің барлық түрлерін орналастыру көзделеді. Сондай-ақ өндірісте сұранысқа ие және келешегі бар бидай, арпа, сұлы, қарақұмық, тары және т. б.сорттары да алаңға егіледі. Егістікте ауыл шаруашылығында қолданылатын өсірудің зерттелетін технологиялары, нақты егіншілік бойынша тәжірибелер, "Valmont" ТҰК суармалы полигоны және ауыл шаруашылығы техникасы орналастырылатын болады. Бұл жоба үздік тәжірибенің үлгісі және астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының ғалымдары мен серіктестеріне ғылыми жобаларды көрсету және таныстыру үшін ыңғайлы болады.

"ҰАҒБО" КеАҚ өкілдері өз тарапынан АШҒӨО басшылығының ашық демонстрациялық алаң салу жөніндегі бастамасын мақұлдады және қолдады.
скачать dle 12.0
948 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх