Шортанды ауданының әкімі АШҒӨО-ның тыныс-тіршілігімен танысты
Жаңалықтар
28 қазанда Шортанды ауданының әкімі Ғайдар Қасенов А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына келді.
Ғ.Қасенов Орталық басшылары және ғалымдарымен кездесіп, кәсіпорынның тыныс-тіршілігі, ғылыми-практикалық жетістіктері туралы сөйлесті. Ғ.Қасенов АШҒӨО даму үстінде екенін, кәсіпорынның Шортанды ауданы үшін маңыздылығын атап өтті.Әкімге ғалымдар зертханалар мен зерттеулер жүргізетін заманауи қондырғылардың жұмысын көрсетті. Аудан басшысы АШҒӨО-дағы ТМД-да теңдессіз саналатын Жобаны басқару орталығымен танысты. Мамандар осы ЖБО-ның көмегімен ауыл шаруашылығы техникасының жұмысына, егістіктердің жағдайына мониторинг жасап, өнімділік картасын құрастыра алады. Осы мәліметтердің негізінде тыңайтқыш енгізуге ұйғарым-карта жасалады. Ғ.Қасенов АШҒӨО-ның тарихи музейі мен күрделі жөндеуден өткен спорт залын көріп, мұнда ай сайын АШҒӨО мен әкімдік командаларының ойынын өткізуге ұсыныс етті.Кездесу соңында әкім атқарып жатқан жұмыстары үшін Орталық қызметкерлеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да табыс тіледі.
1 020 -рет қаралды