АШҒӨО қызметкерлері футбол ойнады


Жаңалықтар
Футбол әлемдегі ең танымал әрі сүйікті спорт түрі екені баршаға аян.
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО басшылығы да футбол ойыны үшін барлық жағдайды жасаған. Бұл бастаманың басты әлеуеттік мәні – Орталық қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Атап айтсақ, биыл Орталықтың спорт залына күрделі жөндеу жүргізілді. АШҒӨО ұжымы футбол командасын құрып, құрылымдардың қызметкерлері апта сайын жөндеуден өткен залда футбол ойнап жүр.
Ойыншыларды негізгі жұмыстан алаңдатпас үшін футбол ойындары жұма, жұмыс күнінің соңында өтеді. Ойыншылар әрбір кезеңді асыға күтіп, демалыс күндерін де денені сауықтыруға арнап келеді.

АШҒӨО қамтамасыз ету менеджері Әсет жұма күні өткен турнирден алған әсерімен бөліскен болатын. «Бір кездері бәріміз де өзімізді кәсіби ойыншы секілді футбол ойнауды армандадық. Жасыл алаңда жеңіс үшін жанталаса допқа ұмтылу, қорғанысқа көшу, шабуылға шығу – бой мен ойды сергітіп, ширатады. Біз қызметкерлердің кәсіби дамуына және бос уақытты тиімді өткізуіне жағдай жасап отырған АШҒӨО басшылығына алғыс білдіреміз. Қазір бізде осы мүмкіндіктің барлығы бар және әріптестеріміз жұмыстан соң футбол ойнауға асығып тұратын болды».

Ал қызметкерлердің жақын адамдары, отбасылары да оларға қолдау білдіріп, командаларға жанкүйер болып отырады.


скачать dle 12.0
777 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх