АШҒӨО қызметкерлері латын қарпінде диктант жазды


Жаңалықтар
Елімізде латын графикасына көшу іс-шаралары аясында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да жалпыхалықтық диктант өтті.
Диктант тақырыбы - «Рухани жаңғыру». Орталық қызметкерлері 80 сөзден тұратын мәтінді жарты сағатта жазып шықты. Диктант үшін ешқандай баға қойылмайды.

"Қазақ тарихында латын әліпбиі болған, оның үстіне қазіргі техника, технологиялар ағылшын тілінде болғандықтан еш қиналмадым", - дейді Ауыспалы егіс зертханасының меңгерушісі Алдаберген Қияс.

Іс-шараның басты мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін халық арасында барынша насихаттау және латын графикасында жазуға машықтану.

Республикалық деңгейде өтіп, 1,5 миллионға жуық қазақстандық қатысқан диктантты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырды.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа 2018 жылы қол қойған еді.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/375
скачать dle 12.0
1 474 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх