АШҒӨО қызметкерлері аттестациядан өтті


Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының қызметкерлері аттестациядан өтті. Біліктілік бойынша сынаққа бөлім басшылары, зертхана меңгерушілері мен басқа да қызметкерлер қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – барлық ғылыми қызметкерлердің шынайы кәсіби деңгейін анықтау. Себебі қазіргі уақыт талабына сай орталықтың әрбір қызметкері ғылыммен айналысып, өндіріспен және фермерлермен тығыз жұмыс істей алуы қажет. Сынақтан сүрінбей өткендерге Бараев орталығы жемісті жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды: шетелде білім алу, біліктілікті арттыру курстарына, әртүрлі семинарлар мен форумдарға қатысу.

Аттестацияға қатысқан әрбір қызметкер туралы жекелей шешім қабылданды. Сұхбаттасу нәтижесінде қызметкерлердің өз саласы бойынша кәсіби деңгейі, психологиялық дайындығы мен логикалық ойлауы, қызметтік әрекеттері бағаланды.

Бараев орталығында бір аптаға созылған аттестация қорытындысына сай барлық қызметкерлер сынақтан сүрінбей өтіп, өз қызметіне лайықты деп танылды.
скачать dle 12.0
1 264 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх