8 наурыз мерекесі қарсаңында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да нағыз көктем мен махаббат мерекесін ұйымдастырды
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында А.И.Бараев атындағы ғылыми орталықта салтанатты шара ұйымдастырылды. Шара басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаевтың құттықтау сөзімен басталды. Нәзік жанды әріптестерінің алдында сөз сөйлеген басқарма төрағасы Орталықтың орасан зор жетістіктерінде олардың әрқайсысының алатын орны мен рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Үлкен ұжымымыздың жалпы санының 45 пайыздан астамын әйелдер қауымы құраса, 22 пайыздан астамы ғылыми дәрежесі бар әйелдердің үлесінде. Әріптестеріне күрделі болса да жемісті еңбектері үшін үлкен алғыс айта отырып, Орталық басшысы олардың барлығы өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен атқаратынын, олардың әрқайсысы мақтануға тұрарлық екенін атап өтті. Өйткені олар ең алдымен, өз жұмысын абыроймен атқарып келе жатқанын ерекше атап өтті.
"Сіздердің әрқайссыларыңыз, от басы мен бала тәрбиесімен, ата-анаға қамқорлық жасай отырып өз жұмыстарыңызды сүйіп атқарасыздар", -деп атап өтті басқарма төрағасы Нұрлан Амангелдіұлы. Сонымен бірге мерекелік жиында ұжымда қызмет атқаратын нәзік жанды мерейтой иелері де назардан тыс қалмады. Мерейтой иелеріне ҰҒБТО-ның арнайы Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілді.
Одан кейін мерекелік сценарий бойынша күтілгендей, Орталықтың ер азаматтарының арнайы бейнеүндеу көрсетілді. Бейне үндеудеолар мерекелік шараның кейіпкерлерін жылы лебіздерімен құттықтап лебіздерін білдірді.
Іс-шараның басынан шырқалған ән уәеніне қосылған көрермен қауым ду қол шапалақтап, шапалақ үні басылмады. Қалалық, республикалық байқаулардың лауреаттары орындаған осындай нәзік әуен барша көрерменді тәнті етіп, үзіліс кезінде түрлі әзіл-қалжың байқаулары өткізіліп, сыйлықтар үлестірілді.
Осы мерекелік шығармашылық атмосфераның барлығын Орталық қызметкерлері ерекше қарым-қатынасты дамытып келе жатқан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің шығармашыл жастарына алғыс айтып қошамет көрсетті.