Солтүстік Қазақстандағы селекция және тұқым шаруашылығы


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
2022 жылғы 4 наурызда А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-да "Солтүстік Қазақстандағы селекция мен тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері"тақырыбында семинар өтті. Семинарда орталық селекционерлері элиталық тұқым өсіру және тұқым өсіру шаруашылықтарының өкілдерімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. А.и. Бараев атындағы АШҒӨО Басқарма Төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы "Солтүстік Қазақстанда селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері мен жолдары"тақырыбында баяндама жасады., АШҒӨО селекциясының жаздық жұмсақ және қатты бидайдың климаттың өзгеру жағдайларына бейімделген жаңа перспективті сорттарын бидай селекциясы тақырыбын бөлім меңгерушісі АдылханТемирханович Бабкенов ұсынды. Теңдестірілген азықтандыруға арналған арпа мен сұлының жаңа сұрыптарын, соның ішінде жалаңаш тұқымды түрлері, жарма дақылдарының жаңа сұрыптары жайлы жарма және жем-шөп дақылдары зертханасының меңгерушісі Владимир Иванович Коберницкий өз сөзінде таныстырды. Дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың селекциясы бөлімінің меңгерушісі Ошергина Ирина Петровна Солтүстік Қазақстанның жағдайына бейімделген асбұршақ, жасымық, рапс, күнбағыстың жаңа сорттары туралы айтып берді. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қауымдастырылған профессоры, а.ш.ғ.к. Қыпшақбаева Гүлден Амангелдіқызы "Ақмола облысының мысалында дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының жағдайы, мәселелері, шешімдері мен келешегі" тақырыбы бойынша сөз сөйледі.


Семинар жұмысына Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Валерий Александрович Литвченко қатысты. Өз сөзінде ол облыстағы тұқым шаруашылығын дамытуға, тұқым сатып алуды субсидиялау шарттары мен қағидаларына назар аударды. Тұқым сапасын бағалау мәселелеріне Ақмола облысының "ҚазАгрЭкс" АҚ өкілдерінің баяндамалары арналды, аумақтық зертханалардың басшылары Наталья Александровна Баймышева, Мария Владимировна Панаян қатысты.
Тұқым шаруашылығының өзекті мәселелері талқыланды. Тұқым шаруашылығы субъектілерінің басшылары мен өкілдері А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен отандық селекцияның ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын өндіріске енгізу мақсатында жаңа инновациялық сорттарға, ғылыми сүйемелдеуге және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.


скачать dle 12.0
897 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх