А.И. Бараева атындағы АШҒӨО «Тұқым-2022» Тұқым күні» 1-ші Қазақстандық конференция-контракт жұмысына қатысуда


БТО / Iс-шаралар

А.И. Бараев атындағы АШҒӨО «Тұқым-2022» Тұқым күні» 1-ші Қазақстандық конференция-контракт жұмысына қатысып жатыр.

Конференция бағдарламасына «Тұқым нарығындағы ағымдағы жай-күй және тенденциялар», «2022 жылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері мен шарттары», сондай-ақ «Агробизнесті тиімді жүргізу шарттары туралы мәселелер талқылануда. Конференцияға Қазақстан мен Ресейдің ірі селекциялық орталықтары, тұқым дистрибьюторлары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҰАҒБТО, ауыл шаруашылығы техникаларын, тыңайтқыштарды жеткізетін компаниялар, агрофирмалар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысуда.


Тұқымдар мен тыңайтқыштар көрмесі ұйымдастырылып, онда біздің А.И. Бараев атындағы АШҒӨО орталығы ғалымдары дәнді-дақылдар мен бірге майлы дақылдардың сондай-ақ мал азықтық дақылдардың құрғақшылыққа төзімді жаңа сорттарын ұсынды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер үшін көктемде тұқыммен қамтамасыз ету, аймақтық жағдайларға және климаттың өзгеруіне бейімделген дақылдар мен сорттарды іріктеу мәселелері өзекті болып табылады. Селекционерлердің тауар өндірушілермен кездесуі жаңа сорттарды таныстыру, талқылау мен селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық турасында болып отыр. Конференция жұмысы ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сұранысқа ие сорттарын жасауға ықпал етері сөзсіз.




скачать dle 12.0
791 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх