Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу туралы ғалымдардың ұсыныстары шаруаларға жеткізілді
Жаңалықтар
Агроөнеркәсіп кешенінің табысты дамуы ғылыммен тығыз байланысты. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс жұмыстарының әр күнінің аса маңыздылығына алаңдаушылық танытып отыр. Өйткені қазіргі күрделі экономикалық жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі айқын көрінді.
Биылғы жылы ылғал мол болды, ал оның өз ерекшелігі бар. Сондықтан ауыл шаруашылығының тауар өндірушілері үшін А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары 2020 жылы Ақмола облысының шаруашылықтарында көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізу туралы жаңа ұсыныстар дайындады. Онда олар өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және ауа-райы жағдайын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің түрлі технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударады.
Осы ұсыныстарда температуралық режимнің ерекшеліктері, 2019-2020 ауыл шаруашылығы кезеңіндегі атмосфералық жауын-шашынның таралуы, ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын сорттары, өсімдіктердің қоректену мәселелері, аурулар, зиянкестер және арамшөптер бойынша инфекциялық фонның жағдайы көрсетілген. Дәстүрлі түрде топырақты эрозиядан қорғау бойынша іс-шаралар, сақтаудың агротехникалық тәсілдері және атмосфералық жауын-шашынның топырақ ылғалын сақтау мен сапалы пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылды, сондай-ақ дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және жем-шөп дақылдарды себу агротехникасы мәселелері қараусыз қалған жоқ.
Ұсыныстар ауыл шаруашылық өндірушілерінің кең ауқымы үшін есептелген және наурыз айынан бастап А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның сайтында тұр: https://baraev.kz/recomendaciya/recomendaiya_proizvodstva/1339-rekomendacii-po-vpr-npczh-2020.html
Сондай-ақ, Орталық басшылығы коронавирус пандемиясына және жоспарланған ауыл шаруашылығы кеңестерін тоқтауына байланысты қазіргі күрделі жағдайды ескере отырып, облыстың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, осы ұсыныстарды ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері уақытында танысып, өз жұмысында ескеру үшін аудан әкімдіктерінің және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің сайттарында орналастырылуы үшін жұмыс жүргізді.
1 582 -рет қаралды