Аграрлықтар үшін маңызды ұсыныстар
Жаңалықтар
Әр жылдың өз ерекшеліктері бар, сондықтан аграрлықтар А. И. Бараев АШҒӨО ғалымдарының Ақмола облысының шаруашылықтарында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу туралы жаңа ұсыныстарын асыға күтеді. Себебі онда олар өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және ауа райы жағдайларын ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің түрлі технологияларын қолдану мәселелеріне ерекше назар аударады. Онда температуралық режимнің ерекшеліктері, 2019-2020 ауыл шаруашылығы жылының атмосфералық жауын-шашынның таралуы, ауыл шаруашылығы дақылдарының ұсынылатын сорттары, өсімдіктердің қоректену мәселелері, аурулар, зиянкестер және арамшөптер бойынша инфекциялық жылдың жағдайы көрсетілген.
Дәстүрлі түрде топырақты эрозиядан қорғау бойынша іс-шаралар, сақтаудың агротехникалық тәсілдері және атмосфералық жауын-шашын мен топырақ ылғалын сақтау мен сапалы пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылды, сондай-ақ дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және жемдік дақылдарды себу агротехникасы мәселелері қараусыз қалған жоқ.
Ұсыныстар ауыл шаруашылық өндірушілерінің кең ауқымына арналған және олармен АШҒӨО сайтында танысуға болады.
Өткізілетін іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу аудандар мен облыстың ақпараттық интернет-ресурстарында көрсетіледі.
1 268 -рет қаралды