Нақты егіншілік бойынша семинардың қорытындысы


Жаңалықтар


Нақты егіншілік бойынша өткен семинар барысында қатысушылар минералды тамақтану және топырақ құнарлылығын сақтау, өсімдіктерді қорғау, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалық сорттары мәселелерін талқылады. Семинарда өсімдік шаруашылығын әртараптандырудың практикалық тәжірибесі, майлы және дәнді-бұршақты дақылдармен ауыспалы егісте қорғау құралдарын қолдану қызығушылық тудырды.
Қанат Ақшалов өз баяндамасында агротехнологиялардың бейімделуіне және климаттың өзгеруі жағдайында дақылдарды таңдауға назар аударды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері туралы АШҒӨО-ның танылған сарапшылары ғана емес, сонымен қатар жас ғалымдар Қайыржанов Елжас, Чернов Андрей де баяндады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
скачать dle 12.0
918 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх