Нақты егіншілік: IT-агрономияны дамытудағы жаңа кезең
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да дөңгелек үстел өтті.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да "Нақты егіншілік: IT-агрономияны дамытудағы жаңа кезең" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Қазақстанның солтүстігінде нақты егіншілік технологиясын бейімдеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар шараға қатысқан барлық ниет білдірушілер үшін егістікте нақты егіншілік элементтерін пайдалана отырып технологиялық операциялар жүргізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Ресейдің ірі ғылыми мекемесі саналатын, нақты егіншілік технологияларын енгізу тәжірибесі мол, Санкт-Петербург қаласындағы агрофизикалық ғылыми-зерттеу институттың сарапшылары қатысты. РҒА корреспондент-мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Вячеслав Якушев агрохимиялық көрсеткіштер және тыңайтқыштарды саралап енгізудің сандық тапсырмалар картасын жасауға бағытталған егіс картосхемаларын құру аспектілері тақырыбында презентация көрсетті. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Андрей Комаров Солтүстік Қазақстан жағдайында нақты өсімдік шаруашылығының бейімделуіне арналған презентация жасады.
Нақты өсімдік шаруашылығын енгізу мәселелерін талқылау барысында А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары халықаралық сарапшылармен бірлесіп алынған практикалық тәжірибені талқылап, нақты егіншілік элементтерін бейімдеудің алдағы жұмыс жоспарларын белгіледі.
Дөңгелек үстелге қатысушылар нақты егіншілік полигонына барып, нақты егіншілік элементтерін жаңа заманауи техниканың көмегімен қолданудың тың тәсілдерімен танысты.
2 726 -рет қаралды