Бараев орталығында нақты егіншілік бойынша тренинг өтеді


Жаңалықтар
19-22 желтоқсан аралығында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-да нақты егіншілік бойынша семинар өтеді. Іс-шараны орталықтың бас директоры Кенже Абдуллаев ашып, институт қабырғасында жүзеге асырылып жатқан осынау жобаның ерекшеліктері туралы айта келе, біліктіліктерін жетілдіруге жиналған қатысушыларға арнайы шақырылған ғалымды таныстырды. Осыдан кейін Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Агрофизикалық ҒЗИ қызметкері а.-ш.ғ. докторы, профессор Комаров А.А. дәрістерін бастады.

Алғашқы лекцияның тақырыбы «Нақты егіншілік жүйесін өндіріске енгізу үшін бақылау полигондарының жүйесін қалыптастырудағы методологиялық негіздер» арналды. Осыдан кейін Комаров А. «Өсіп-өндірілетін дақылдардың нақты егіншілік және нақты өсімдік шаруашылығы жүйесі аясында қоректену элементтеріндегі жылдам функционалдық қажеттілік диагностикасы» бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Әр лекциядан кейін жиналғандар тақырыптарды талқылап, пікір алмасты. Сонымен қатар семинар аясында АШҒӨО-ның қызметкерлері Скобликов В.Ф., Заболотских В.В., Акшалов К.А., Кунанбаев К.К., Наздрачев Я.П. және Филонов В.М. де сөз сөйлеп, ой бөлісті.

ФОТОРЕПОРТАЖ: http://baraev.kz/media/suret/442
скачать dle 12.0
343 -рет қаралды

Басқа да


Наверх Наверх