AgriTek/FarmTek Astana 2020 ауыл шаруашылық көрмесі


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы АШҒӨО өзінің нақты егіншілік бойынша әзірлемелерін және селекционерлердің жетістіктерін AgriTek/FarmTek Astana 2020 халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінде ұсынады. Іс-шараға АШҒӨО-ның бас директоры Кенже Абдуллаев пен орталықтың қызметкерлері қытысуда. Форум Нұр-Сұлтандағы "Көрме" кешенінде 11-13 наурызда өтеді.
Біздің стендте ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары мен мамандары Солтүстік Қазақстанда енгізуге ұсынылатын орталықтың ғылыми-практикалық жетістіктерімен, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалы сорттарымен танысып, егістікті агрохимиялық зерттеуге және инновациялық технологияларды ғылыми сүйемелдеуге келісім-шарттар жасай алады, сондай-ақ дәнді, дәнді бұршақты, майлы және жем-шөп дақылдарын өңдеу бойынша ғалымдардың кеңесін ала алады.
скачать dle 12.0
903 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх