АШҒӨО-да ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қойған міндеттер талқыланды


Жаңалықтар


7 ақпан күні Көкшетау қаласындағы А. И. Бараева атындағы АШҒӨО ғалымдары мен Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қойған міндеттерді талқылады.

2019 жылдың қараша айында Ақмола облысына жұмыс сапары кезінде ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрлігіне республиканың солтүстік аймақтарында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру және өндірісті ғылыммен байланыстыру үшін бұл жұмысқа ғалымдарды тарту туралы тапсырма берген еді.

Қазақстан президентінің тапсырмасын орындау барысында А. И. Бараева атындағы АШҒӨО бас директорының орынбасары Кочоров А. С. «Нақты егіншілік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің тұрақтылығын арттыру» ғылыми-практикалық семинарын өткізу бойынша Таласбаев Д. А. бастаған Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында 2020 жылғы инновациялық агротехнологиялар саласындағы ынтымақтастық және Орталық ғалымдары шығарған ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, орталық базасында Ақмола облысының ауыл шаруашылығы мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру тәртіптері қаралды.скачать dle 12.0
968 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх