СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовпен кездесу


Жаңалықтар


А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бас директорының орынбасары А. С. Кочоров СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы Тасмағанбетовпен кездесті.

Кездесуде 2020 жылғы инновациялық агротехнологиялар саласындағы ынтымақтастық және Орталық ғалымдары шығарған ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын енгізу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, орталық базасында СҚО ауыл шаруашылығы мамандарын оқыту және біліктілігін арттыру тәртіптері қаралды.

Орталықтың ғалымдары шаруашылықтарға өз зерттеулерін енгізу кезінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиялық мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсете отырып, ғылыми-практикалық тұрғыдан да көмектеседі.

Сондай-ақ нақты егіншілік элементтерін пайдалану кезінде ғылыми сүйемелдеуді жүзеге асырады.
скачать dle 12.0
822 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх