А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ-ды мерейтойымен құттықтады


Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы бүгінгі таңда «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ның Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы болып табылатын «Бүкілодақтық астық және оның өңделген өнімдері ғылыми-зерттеу институты» Қазақ филиалының құрылғанына 60-жыл толуына арналған мерекелік шараға қатысты.

Шараға А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ҒӨО қызметкерлерінің бір тобы қатысты. Шара барысында АШҒӨО нақты егіншілік және селекциядағы ғылыми-практикалық жетістіктерді паш ететін көрме стенді көрсетілді. Шараға қатысушыларғаастық, майлы, бұршақ дәнді және жемазық дақылдарыныңжаңа және перспективалы сұрыптары мен баулары; баспа өнімдері: астық және жемазықтық дақылдар сұрыптарының каталогтары, дақылдарды өсіру, ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын бағалау және нақты егіншілік бойынша практикалық ұсыныстар ұсынылды.

Көрме Қазаққайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» Нұр-Сұлтан филиалы қызметкерлері, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ, Қазақ технология және бизнес универистетінің оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының қызығушылығын тудырды.

Астық шаруашылығы ҒӨО ұжымы мен бас директоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Кенже Қожахметұлы Абдуллаевтың атынан ізгі тілек жазылған құттықтау хаты мен НР көпфункционалды қондырғы – компьютерлік құрал табыс етілді.

скачать dle 12.0
1 351 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх