Кенже Абдуллаев JohnDeere өкілдерімен инновациялық шешімдерді талқылады​


Жаңалықтар
2019 жылдың 10-16 қарашасы аралығында Германияның Ганновер қаласында әлемдік ірі AGRITECHNICA 2019 ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі өтуде.
«А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бас директоры К.Абдуллаев өз идеялары мен инновацияларын таныстырған жетекші өндірушілермен және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілермен кездесіп, олармен Қазақстанның аграрлық аймақтарының ерекшеліктеріне сай келетін инновациялық және зияткерлік шешімдерді талқылады.
Көрме барысында К.Абдуллаев алқаптарда интернетпен және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету қондырғысы, жемазық оратын соңғы үлгідегі комбайн, шведтің соңғы үлгідегі тұқым себетін кешені (оның тұқым себу жылдамдығы сағатына 18-20 шақырымға жетеді, кепіл мерзімі 2 жыл), сондай-ақ соңғы үлгідегі селекциялық тұқым сепкішпен танысты. JohnDeere компаниясының өкілдері К.Абдуллаевқа өндірісі 3 жылдан кейін жоспарланған болашақтың комбайнын таныстырды.
Айта кетейік, Agirtechnica-2019 көрмесі биыл «Жаһандық ауыл шаруашылығы — жергілікті жауапкершілік» мәселесін басты тақырып етіп отыр.
скачать dle 12.0
731 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх