АШҒӨО басшылары "NavistarAsia" компаниясы өкілдерімен кездесті


Жаңалықтар
[hide][/hide]"KazAgro-2019"және "KazFarm-2019" көрмесі аясында А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының бас директоры, академик Кенже Абдуллаев "NavistarAsia" ЖШС компаниясының басшысы Шыңғыс Ахматовпен және "Trimbler" компаниясының аймақтық менеджері Валдемар Сшафермен кездесті.
Кенже Абдуллаев әріптестеріне А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми-практикалық нәтижелері, Қазақстанның солтүстігінде нақты егіншілік технологияларын бейімдеу және АШҒӨО-дағы жобаны басқару орталығының жұмысы туралы айтты. Баршаңызға белгілі, нақты егіншілік дегеніміз спутниктік және компьютерлік технологияларды кешенді пайдаланып егістіктердің өнімділігін басқару жүйесі болып табылады. Аталмыш жоба процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беріп, ол өз кезегінде алынатын өнімнің тиімділігіне, мол шығымға ықпал етпек. Кенже Абдуллаев сондай-ақ "NavistarAsia" ЖШС өкілдерімен нақты егіншілік саласында ынтымақтастық жайын талқылады. Айта кетейік, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО 2018 жылдан бері нақты егіншілік жобасы іске асып жатыр.
скачать dle 12.0
1 034 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх