Көктемгі дала жұмыстарына дайындық: шаруалармен бірге егіс науқанының стратегиялық жоспарлары талқыланды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

25 наурызда «Көктемгі егіс жұмыстары және заманауи ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалану» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.


Семинарда, «А.И.Бараева атындағы АШҒӨО» ЖШС Басқарма төрағасы Серекпаев Нұрлан Амангелдіұлы наурыз айындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, орталықтың әзірлеген 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізудің стратегиясы мен тактикасы бойынша шаруаларға өз ұсыныстарын жеткізді. Нұрлан Серекбаев өз сөзінде бұл ұсыныстар ауа райы жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін екенін, сәуір айындағы жауын-шашынға байланысты нақтыланып, түзетілетіліп отыратынын және Орталықтың ресми сайтында          (barayev. kz.) орналастырылатынын жеткізді.


Биологиялық егіншілік зертханасының меңгерушісі Заболоцких Владимир Владимирович «Топырақ ылғалдылығын сақтау және ұтымды пайдалану шаралары» тақырыбында баяндама жасады. Тұқымдарды егіске дайындау тақырыбы бойынша ұсыныстарды өсімдік қорғау зертханасының меңгерушісі Абдумат Сулейманұлы Кочоров баяндады. Дәнді, бұршақ, майлы дақылдарды өсірудің агротехнологиясының ерекшеліктері мәселелері де қозғалып, осы тақырыпта егістік дақылдардың агротехнологиясы және Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру зертханасының меңгерушісі Мұханов Нұрболат Қайырболдыұлы арнай баяндама жасады.


Дәнді бұршақ пен майлы дақылдарға минералды тыңайтқыштарды қолдану шаруалары да жан-жақты талқыланды. Талқылау барысында Агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының аға ғылыми қызметкері Яков Павлович Наздрачев шаруалардың сұрақтарына жауап берді.

Дәл егіншілік зертханасының меңгерушісі Скобликов Владимир Федорович «Көктемгі дала жұмыстары жүйесіндегі дәл егіншіліктің элементтері» тақырыбында баяндама жасады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттары бойынша өзекті сұрақтарыға Жұмсақ жаздық бидай өсіру зертханасының меңгерушісі Қайыржанов Елжас Қоныспекұлы мен Астық, бұршақ, астық және майлы дақылдар тұқымын асылдандыру бөлімінің меңгерушісі Ошергина Ирина Петровна жан-жақты жауап берді. Селекционерлер ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалы сорттарын, климаттың өзгеру жағдайларына бейімделген ерекше селекциялы дақыл түрлерін ұсынды.


Семинарға «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдері арнай қатысты. Көктемгі дала жұмыстарына арналған инновациялық шешімдерге шолу жасалып, Заманауи ауыл шаруашылығы техникасының ерекшелігі тақырыбында презентацины Дмитрий Гаврилов ерекше етіп көрсетті. Семинарға қатысушылар егіс науқанында сервистік қызмет көрсету және қосалқы бөлшектерді жедел жеткізу бойынша да сұрақтар қойып, шешілу жолдарын жан-жақты талқыланды.

Семинар нәтижесі бойынша шаруалар маңызды ауылшаруашылық науқанына жақсы дайындалып, тиімді өткізуге көмек беретін шараның дер кезінде ұйымдастырылып отырғанына ризашылық білдірді. Қатысушылар ғалымдардың практикалық ұсыныстарын жоғары бағалады.




скачать dle 12.0
351 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх