А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасында аралар конвейер іске қосылды


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ғылыми-өндірістік, оқу-әдістемелік жобасын жүзеге асыру жоспары аясында А.И.Бараев атындағы АШҒӨО базасында бал ара конвейерінің жұмысы іске қосылды. Мұндағы бал экологиялық таза өнім болары сөзсіз. Бал араларының ұяшықтарын қою үшін бұған дейін, нақтырақ айтқанда 2021 жылдың күзінде «Жасыл Аймақ» ЖШС-мен 620,5 га бал конвейері үшін жер телімін жалға беру шарты жасалды.


Көктем басталысымен ылғалды жабу және тұқымдық материалды егіске дайындау үшін агротехникалық шаралар жүргізіледі. Сәуір айының үшінші онкүндігінен бастап балдыркөк шөп тұқымдарын (жоңышқа, экспарцет, тәтті беде) себу жоспарлануда. Одан кейін белгілі бір уақыт өткен соң мерзімі бойынша бал арасына аса пайдалы болып саналатын дақылдар (күнбағыс, жоңышқа, қыша, фаселия, қарақұмық) егіледі.

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ стартап жобасы аясында бал өндіруге қажетті құрал-жабдықтары мен инвентарлары бар 100 омартадан тұратын омарта шаруашылығы құрылды.


Үлкен жұмыстар әлі алда. 2023 жылы омарта шаруашылығын өнеркәсіптік деңгейге дейін 200 ара ұясына дейін кеңейту, сонымен қатар студенттердің, магистранттардың, докторанттардың тәжірибелік сабақтарын өткізуге арналған бірегей өндіріс орны болып табылатын бал конвейерін құру жоспарда тұр. Осы арқылы бал өндірісін 4 тоннаға дейін арттыру көзделуде. Агрономиялық және ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеттерінің студенттері бұл шаруашылықта өздерінің өндірістің тәжірибелері кезінде түрлі жобаларға қатысады. Студенттерге Солтүстік Қазақстан жағдайында бал конвейерлерін жасау және оның экономикалық тиімділігін зерттеу арқылы көпжылдық және біржылдық дақылдардың тұқымдарының өнімділігін арттыру мәселелерін зерделеу үшін А.И.Бараев атындағы АШҒӨО негізінде ғылыми тәжірибелер жүргізуге бірегей мүмкіндік беріледі.


скачать dle 12.0
396 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх