Әлеуметтік-ғылыми жоба іске қосылды
Жаңалықтар
Ауданда «Құс: ауладан үстелге дейін» атты әлеуметтік-ғылыми жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып, оны іске асыруға Дамса, Степное, Научный және Шортанды ауылдарының тұрғындары белсенді қатысуда. Жеке қосалқы шаруашылықтарда құстарды ұстау сәйкестігіне іріктеу туры өтті.
Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Сағынбаева М.Б. жетекшілігімен ғылыми жобаның орындаушылары осы жобаға қатысуға ниет білдіргендермен бірқатар консультациялар өткізді. Жобаны жүзеге асыру -жеке қосалқы кәсіпорында құс өсіру технологиясына толық ғылыми қолдау беруді және дайын ет өнімдерін сатуды ұйымдастыруды көздейді.
Бүгін С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ жергілікті кәсіподағының өкілдері С.К. Айтхожин төрағалығымен тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты түсіндіре отырып, әрбір қатысушымен жеке шарт жасасу рәсімін бастады. Сонымен қатар алғашқы 10-15 күнде құс ұстауға брудерлер жеткізеді, «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС-нің электр құралдары бойынша маманы Брюхов А.Р. қатысушылардың құрылғыны дұрыс пайдалануға қатысты сұрақтарына жауап береді.
Біз осылайша «ЖҚШ-тағы бизнесті дамыту» ауқымды әлеуметтік бағдарланған жоба аясында қала мен ауыл тұрғындарының мүдделерін жақындастырамыз!

874 -рет қаралды