АШҒӨО-ның нақты егіншілік полигонындағы өндірістік сынақтар


Жаңалықтар


2018-2020 жылдарға арналған "Ақмола облысында "демонстрациялық шаруашылықтар (полигондар)" қағидаты бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде нақты егіншілік бойынша технологияларды трансферттеу және бейімдеу" ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның нақты егіншілік полигонында егін жинаудан кейінгі кезеңде топырақ өңдеу техникасына өндірістік сынақтан өткізу жүргізіліп жатыр.


Перспективалы ауылшаруашылық құралы - минералды тыңайтқыштарды дифференциалды енгізудің әмбебап жүйесімен жабдықталған кең алымды қопсытқы - КШУ-7,2.

Нақты егіншілік полигонындағы өндірістік сынақтарды машинаны жасаушылармен - осы жобаның бірлескен орындаушылары Агротехника ғылыми-өндірістік орталығының Қостанай филиалының қызметкерлерімен өткізеді.

Өндірістік сынақтар кезінде топырақты өңдеу сапасының көрсеткіштері, тыңайтқыштардың таралуы және ауылшаруашылық машинасының әртүрлі агротехникалық фонда жұмыс істеу диапазоны анықталды. Күзгі кезеңде тыңайтқыштарды саралап енгізудің тиімділігін есептеу үшін бастапқы мәліметтер алынды, сондай-ақ топырақтың нақты жағдайында жаңа ауылшаруашылық құралының функционалдық, энергетикалық, пайдалану және техникалық сипаттамалары нақтыланды. Қазірдің өзінде бұл қопсытқыны минералды тыңайтқыштарды бір мезгілде қолданумен жазғы және күзгі өңдеу кезінде қолдану тек бірнеше технологиялық операцияларды біріктіруге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар кейінгі техникалық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді деп айтуға болады.скачать dle 12.0
1 055 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх