А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-да Дала күні өтті


Жаңалықтар


17 тамызда А. И. Бараев атындағы АШҒӨО базасында онлайн режимде "Ауыл шаруашылығы дақылдарын нақты егіншілік элементтерімен өсіру технологияларын интенсификациялау" тақырыбында Дала күні өтті. Ғалымдар тәжірибе алқаптарында Ақмола облысы жағдайында нақты егіншілік жүйесін зерттеу нәтижелерімен таныстырды.

Тәжірибелік алқаптарда минералды тыңайтқыштарды әр түрлі тәсілдермен саралап енгізу, On-Line қағидаты бойынша үздіксіз әрекет ететін гербицидтерді саралап енгізу тәжірибелері ұсынылған.

Демонстрациялық тәжірибелер ретінде жаздық бидайды өсіру технологияларын интенсификациялаудың әртүрлі деңгейлері бар нұсқалар ұсынылған. Тәжірибе нәтижелері әр технология бойынша өндірістің экономикалық тиімділігін есептеуге және интенсификациялаудың әр элементінің өнімнің қалыптасуы мен сапасына қосатын үлесін анықтауға мүмкіндік береді.

Демонстрациялық тәлімбақтарда ғалым-селекционерлер А.И. Бараев атындағы АШҒӨО-ның ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған және перспективалы сорттарын, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік селекция сорттарының егістіктері көрсетті.

Жобаны басқару орталығында өсімдік шаруашылығындағы технологиялық процестерді цифрландырудың артықшылықтары көрсетілді.

ВИДЕО: https://www.youtube.com/watch?v=qbHjKz5e2VIскачать dle 12.0
755 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх