АШҒӨО ғалымдарының Ақмола аграршыларымен ынтымақтастығы
Жаңалықтар
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдарының Ақмола аграршыларымен аудандастырылған және перспективті дәнді дақылдар сорттарын енгізу бойынша тығыз ынтымақтастығы.
"Аскоп" ЖШС - бұл Ақмола облысындағы өсімдік және мал өнімдерін өсірумен айналысатын ірі ауыл шаруашылық құрылымы. Агрохолдинг басшылығы өзінің шаруашылық қызметінде өсімдік шаруашылығы өнімдерін өсіру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды ұстанады. Атап айтқанда, ЖШС егістіктерінде А.И. Бараев атындағы АШҒӨО ғалымдары әзірлеп берген дәнді дақылдарды өңдеу кезінде егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі енгізілген.
Элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін қолдай отырып, "Аскоп" ЖШС аудандастырылған және перспективті дәнді дақылдар сорттарын сынақтан өткізу және көбейту орталығымен тығыз жұмыс істейді. А. И. Бараев атындағы АШҒӨО-мен жасалған келісім шарт бойынша биыл жаздық бидайдың 15 сорты сынақтан өтті, оның ішінде институттың 9 селекция сорты бар. Қазіргі уақытта егіннің есебі жүргізіліп, құрылымдық талдау үшін өсімдік үлгілері алынды.
Сондай-ақ тұқымдармен бірге және тыңайтқыш түрінде енгізілген жаздық бидай дақылдарындағы органоминералды тыңайтқыштардың тиімділігін зерттеу бойынша өндірістік тәжірибелер жасалды. Есепке алу және бақылау жүргізілді. Алынған нәтижелерді алдын ала бағалау бойынша тыңайтқыштарды қолданған кезде жаздық бидай дәнінің шығымдылығы мен сапасы тиісінше 1,5-4 ц/га-ға және 1-2% - ға артқаны анықтады.
900 -рет қаралды