Мерекелеріңізбен!


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

Құрметті отандастар, қымбатты Отан қорғаушылар!

Сіздерді осынау бір мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Елімізде Отан қорғаушылар күнінің ұлы дата – Жеңіс күні қарсаңында аталып өтуінің терең символдық мәні бар. Кезінде біздің армиямыз Ұлы Отан соғысы жылдарында абыроймен шайқасқан даңқты батырлардың ерлігімен рухтанған жастарымыздың да Отанға деген құрметі ерекше!

Бұл күнде мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп тұрған Отан қорғаушыларға құрмет көрсетілуде. Ең бастысы еліміздің тыныштығы бекем.

Қай заманда да Отанға деген сүйіспеншілік, оның тағдырына жауапкершілік және оны кез келген сәтте қорғауға дайын болу ең басты құндылық.

Отанды бейбіт уақытта қорғау – оның игілігі үшін адал еңбек ету, ата-бабаларымыздың даңқты дәстүрін қастерлеу деген сөз.

Сіздерге бейбітшілік пен келісім, отбасыларыңызға жақсылық пен береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Қазақстанның көк Туы биікте желбірей берсін!


Игі тілекпен, «А.И.Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлан Серекпаев.

скачать dle 12.0
641 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх