1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні!
Жаңалықтар

Қымбатты отандастар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күні біз баға жетпес байлығымызды – туған ел игілігі жолындағы ырысты ынтымағымызды дәріптейміз.
Біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің мызғымас тұғыры – татулық пен тұтастық.
Баршаңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!
Iзгi тілекпен, Нурлан Серекпаев, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Басқарма төрағасы
1 073 -рет қаралды