2022 жылы өндірістік сынаққа дайындалу жұмыстары бойынша семинарөтті


Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

А.И.Бараев атындағы АШҒӨО ғылыми қызмет бағыттарының тағы бір ірі бөлімінің бірі пестицидтерді тіркеу және өндірістік сынақтан өткізу болып табылады. Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері мен өндірістік сала қызметкерлеріне арналған семинар «Пестицидтердің тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу» тақырыбында өткізілді.

Дәріс берушілер зертхана меңгерушісі Кочоров Абдумат Сулейманұлының жетекшілігімен өсімдіктерді қорғау зертханасының ғалымдары болды. Олар семинардың барлық қатысушыларына өндірістік сынақтар бойынша бекітілген Жол картасы мен және өзге де компаниялармен жасалған келісім-шарттар мен ондағы жұмыс көлемі туралы толыққанды ақпарат берді. Сонымен бірге өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Тулеева Асия Кузаировна қатысушыларды Тіркеу (шағын учаскелік және өндірістік) сынақтарды жүргізу ережелерімен таныстырып, сынақ жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулармен және басқа да нормативтік құжаттармен таныстырды, сонымен қатар егжей-тегжейлі түсінік берді.

Сонымен бірге ауруларға қарсы сынау әдістемесі туралы да біршама ақпарат ұсынылды. Зертхананың аға ғылыми қызметкерлері Утелбаев Ерлан Аманжолұлы Базарбаев Берік Бектөреұлы қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша баяндамалар жасады: Өндірістік сынақтарды жүргізу ережелері; Өсімдіктерді арамшөптерден қорғау құралдарының сынақтары және тағы басқа. Зертхана ғалымдары Нелис Татьяна Борисовна және Давыдова Вера Николаевна өсімдіктерді зиянкестерден қорғау құралдарының сынақтарын көрсетті.


Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар алған білімдерін тәжірибелік тестілеу іс-әрекетінде қолдануға дайын екендіктерін білдірді.

скачать dle 12.0
453 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх