Бурабай ауданында АШҒӨО-ның ғалымдары шаруашылықтардағы нақты егіншілікті кезең-кезеңімен енгізу бойынша семинар ұйымдастырды
Жаңалықтар / Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО-ның ғалымдары Бурабай ауданында ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен шаруа қожалықтарындағы нақты егіншілікті кезең-кезеңімен енгізу бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинарда келесі спикерлер сөз сөйледі: нақты егіншілік зертханасының ғылыми қызметкері Александр Лисенович «Өсімдік өнімдері мен ауылшаруашылық кәсіпорнын басқару құралдары өндірісіндегі нақты егіншілік» тақырыбында, Кочоров Абдуммамат Сулейманұлы, өсімдіктерді қорғау зертханасының меңгерушісі «Дәнді дақылдарды нақты егіншілік жүйесінде қорғау» тақырыбы бойынша, агрохимия және тыңайтқыштар зертханасының ғылыми қызметкері Мамыкин Евгений «Минералды тыңайтқыштарды агрохимиялық сараптама нәтижелері бойынша қолдану» тақырыбында, агротехника зертхананың аға ғылыми қызметкері Вернер Артур «Дәнді дақылдарды өсірудің өнімділігін арттырудың агротехникалық әдістері» тақырыбында. Кездесу барысында нақты егіншілікті енгізу үшін шаруа қожалықтарының жаңа техниканы алу тиімділігі, шаруашылықтағы бар құрал-жабдықтарды жаңарту, бұл үшін тиісті жабдықтар мен ақпараттық жүйелер алу, олардың қызмет құны туралы пікірталас өткізілді. Сондай-ақ, астық жинайтын комбайндарды кірісті картографиялау жүйесімен жаңарту, шаруашылық мамандарын А.И. Бараеват. АШҒӨО-ның нақты егіншілік полигоны негізінде нақты егіншілікті техникалық қамтамасыз ету бойынша оқыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ғалымдар агрохимиялық зерттеу жүргізу, тыңайтқыштарды енгізу бойынша ұсыныстар, арамшөптермен күресу шаралары, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану бойынша бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Семинар-кеңеске қатысушылар өсімдік шаруашылығының проблемалық мәселелерін шешуде ғылыммен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
639 -рет қаралды