Ақкөл ауданының ауылшаруашылығы басқармасында ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен нақты егіншілікті енгізу бойынша АШҒӨО-ның ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді
Жаңалықтар
Ақкөл ауданының ауылшаруашылығы басқармасында ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен нақты егіншілікті енгізу бойынша А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО-ның ғылыми қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Ғалымдар өсімдік шаруашылығын цифрландыру, нақты егіншілікті ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, ауылшаруашылықты ұйымдарды басқару құралдары мен геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), тыңайтқыштарды дифференциалды енгізу және өсімдіктерді қорғау құралдары туралы ақпарат ұсынды. Сондай-ақ басқа да мәселелер талқыланды: дәнді дақылдардың жоғары өнімді сорттарын таңдау, тұқым себу нормалары, органикалық өнім өндіру, механизаторлардың біліктілігін арттыру. Пікір алмасу кезінде агробизнес өкілдері заманауи аграрлық технологияларды, соның ішінде нақты егіншілік элементтерін іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын растады.
621 -рет қаралды