АШҒӨО-ның ғалымдары Бұланды ауданында өткен семинар-кеңесте ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қолданбалы ғылыми зерттеулер нәтижелерінің презентациясын жасады
БТО / Жаңалықтар
А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ҒӨО-ның ғалымдары Бұланды ауданында өткен семинар-кеңесте ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды. Егіншілік бөлімінің бастығы Ноғаев Әділбек өсімдік шаруашылығы өндірісін цифрландыру, нақты егіншілікті кезең-кезеңімен енгізудің проблемалық мәселелері туралы сөз сөйледі. Наздрачев Яков минералды тыңайтқыштарды енгізу әдістері, дозалары және мерзімдері туралы ұсыныстар берді. Осы тақырып бойынша тыңайтқыштардың әртүрлі формалары мен түрлерінің тиімділігі мен артықшылықтары туралы пікірталас өтті. Ғалымдардың да үйренері көп, оларға жыл сайын жоғары өнім алатын озық шаруашылықтарда тыңайтқыштар енгізу, сорттарды іріктеу, бидай өсірудің практикалық әдістерін зерттеу өте пайдалы. Өсімдіктерді қорғау зертханасының аға ғылыми қызметкері Утельбаев Ерлан өсімдіктерді қорғау құралдарын дифференциалды қолдану мәселелері бойынша сөз сөйледі. Қияс Адалберген өз сөзін ұрық алмастырушы және дәнді-сүрі жерлі ауыспалы егістердің проблемалық мәселелеріне арнады. Бидай селекциясы бөлімінің бастығы Бабкенов Адылханның презентациясында ауылшаруашылық тауар өндірушілері жаздық бидайдың жаңа сорттарына қызығушылық танытты, әсіресе өткен жылы мемлекеттік сынақтан өткен «Таймас» сорты өнімділігі жоғары, аласа бойлы, ауруларға төзімді.
Бұланды ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Кабдулов Азамат Мирамұлының төрағалығымен өткен семинар-кеңес нәтижесінде қатысушылар өсімдік шаруашылығының проблемалық мәселелерін шешуде ғылыммен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
Бұланды ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Кабдулов Азамат Мирамұлының төрағалығымен өткен семинар-кеңес нәтижесінде қатысушылар өсімдік шаруашылығының проблемалық мәселелерін шешуде ғылыммен ынтымақтастыққа дайын екендіктерін жеткізді.
507 -рет қаралды