А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның ғылыми қызметкерлері Атбасар аймағындағы агробизнес өкілдерімен семинар өткізді


Жаңалықтар

Атбасар аймағында облыс әкімінің орынбасары Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлының төрағалығымен ауылшаруашылық құрылымдарының өкілдеріне арналған, А.И.Бараев атындағы АШҒӨО-ның ғылыми қызметкерлері Заболоцкий Владимир, Қияс Адалберген, Черный Андрей және Назарова Перизат қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. Олар өз сөздерінде фермерлерге нақты егіншілік, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде нақты егіншілік элементтерін кезең-кезеңімен енгізу бойынша ғылыми-практикалық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды. Ғалымдар мен агробизнес өкілдері ауылшаруашылық техникалары  мен бағдарламалық - анықтамалық жүйелерге салынған инвестицияның тиімділігі мен қайтарымы, олардың шағын және орта шаруа қожалықтарында нақты егіншілікті енгізудегі қызметі туралы пікір алмасты.
Семинар барысында қатысушылар өсімдіктердің минералды қоректенуі, нормалары, тыңайтқыштарды енгізу әдістері, ағымдағы жылғы жағдайда өсімдіктерді қорғау және өсімдік шаруашылығының басқа да технологиялық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ ғылым мен агробизнестің одан әрі өзара әрекеттесуі, өндірістік эксперименттерді ғылыми сүйемелдеу, А.И. Бараев  атындағы АШҒӨО нақты егіншілік полигоны негізіндегі нақты егіншілік практикасында агроөнеркәсіптік кешен мамандарына білім беру және оқыту мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді.
скачать dle 12.0
538 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх