«Еңбек» ЖШС-де «Jańa Dala /Green Day 2022» Егіс Күніне 75 мөлдектер себілді
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар

«Jańa Dala/Green Day 2022» демонстрациялық алаңында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге «Август» компаниясының ауыл шаруашылығы дақылдарын арамшөптерден, аурулардан және зиянкестерден қорғаудың толық жүйесі ұсынылады» - деді Канитаев Нургали Атютюневич, Август-Қазақстан компаниясының аймақтық өкілі.
«Jańa Dala /Green Day 2022» Егіс Күнінің демонстрациялық алаңында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз жағдайларына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық және шетелдік сорттарын көзбен көріп, бағалап, таңдау жасай алады. Сондай-ақ, өсімдіктерді қорғау құралдары мен минералды тыңайтқыштардың тиімділігін көруге мүмкіндік алады. Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының өнімділігі мол және астық сапасы жоғары қарқынды сорттары ұсынылған» - бұл туралы А.И. Бараев атындағы АШҒӨО жаздық жұмсақ бидай селекциясы зертханасының меңгерушісі Қайыржанов Елжас Қоныспекұлы айтып берді.
Мұнда «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС ұсынған дәнді, бұршақ және майлы дақылдарының сорттары Қазақстанның басқа өңірлері өкілдерін қызықтыруы мүмкін.
Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының ғалымдары астық сапасы мен пісіп-жетілу шарттары бойынша жоғары перспективалы сорттарын Қазақстанның далалық және ылғалданған аймақтары үшін ұсынды.
601 -рет қаралды