АШҒӨО ғалымдары «Jańa Dala / GreenDay 2021» Қазақстандық Дала күніне қатысты
Жаңалықтар / Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алқаптарында «Jańa Dala / GreenDay 2021» Қазақстандық дала күні жұмысын бастады.
Іс-шараға АӨК-нің кәсіби мамандары, облыстар мен аудандар әкімдіктерінің ресми делегациялары, Қазақстандық 150 компанияның өкілдері, сондай-ақ жақын және алыс шетел елдері жиналды. Дала күніне қатысушылар А.И. Бараев ат. АШҒӨО дәнді дақылдарының перспективті сорттарымен үлкен қызығушылықпен танысқанын атап өткен жөн.
Демонстрация алаңында ауылшаруашылық дақылдарының селекциялық жетістіктері бар учаскелерді қарау кезінде (тұқым себу мерзімі мен мөлшерлемесі бойынша, сондай-ақ тыңайтқыштардың әр түрлі мөлшерін енгізу бойынша) ғалымдар қатысушыларға Орталықтың перспективті селекциялық сорттарының қасиеттері мен бірегейлігі туралы айтып берді. Дала күніне қатысушылар көрме стендіндегі нақты егіншілік бойынша ұсынылған әзірлемелер мен Орталықтың селекционерлерінің жетістіктеріне үлкен қызығушылық танытты, мұнда ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары мен мамандары Солтүстік Қазақстанда енгізуге ұсынылған Орталықтың ғылыми-практикалық жетістіктерімен, ауылшаруашылық дақылдарының жаңа перспективті сорттарымен таныса алады, сонымен қатар ғалымдардан дәнді, дәнді бұршақ, майлы, мал азықтық дақылдарды өсіру бойынша кеңестер ала алады.
Орталық Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары үшін дәнді, жем азықтық дақылдардың барлық мақұлданған және ұсынылған сорттары үшін түпнұсқалық және элиталық тұқымдардың ірі өндірушісі болып табылатыны белгілі.
Әрі қарай, «Jańa Dala / GreenDay 2021» Қазақстандық дала күні аясында «Қазақстан. Климаттың өзгеруі жағдайында дәнді бұршақ дақылдарын өсіру технологиялары. Сауда-саттықтың ерекшеліктері» атты конференция өтті, онда қатысушылар аграрлық сектордың өзекті проблемаларын және оларды отандық және шетелдік қызығушылық танытқан қатысушылардың қатысуымен шешу жолдарын талқылады. Бұл панельдік алаңның модераторы, АШҒӨО-ның адаптивті және агроландшафты технология зертханасының меңгерушісі Қанат Ақшалов сөз сөйледі.

Анықтама үшін: «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС республикада дәнді, бұршақ , майлы, жем азықтық дақылдарды өсіру және жаңа сорттарын құру технологияларын әзірлеу бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын жетекші мекеме болып табылады.
1 008 -рет қаралды