А. И. Бараев атындағы АШҒӨО өкілдері халықаралық Дала күніне қатысты


Жаңалықтар
Дала күніне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г. Т. Нұрмұхамбетов, ҚР АШМ департамент директоры А. С. Сұлтанов, ЖШС-тің шетелдік серіктестері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының басшылары келді.
А. И. Бараев атындағы АШҒӨО өкілдері Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Научное ауылындағы «Қарабалық СХОС» ЖШС-нің 90 жылдығына орай демонстрациялық алаңдарда ұйымдастырылған халықаралық Дала күніне қатысты.
Дала күніне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Г. Т. Нұрмұхамбетов, ҚР АШМ департамент директоры А. С. Сұлтанов, ЖШС-тің шетелдік серіктестері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының, ғылыми орталықтар мен жоғароқу орындарының басшылары келді.
Дала күні мерекесіне қатысушыларға ғылыми жетістіктер, озық технологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары көрмесі, селекциялық зертханалардың далалық стационарлары (күздік және жаздық бидай, арпа, дәнді-бұршақты, майлы және жем азықтық дақылдар егістері), отандық және шетелдік селекцияның ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарының демонстрациялық алаңы көрсетілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ғылым нәтижелеріне деген үлкен қызығушылығы жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің маңыздылығын растайды.
скачать dle 12.0
125 -рет қаралды

Басқа да


Добавить комментарий

Кодты жаңалау үшін егер ол дұрыс көрінбей тұрса суреттің үстінен шертіңіз

Наверх Наверх