Неміс аграрлық орталығында "Дала күні" өтті
Жаңалықтар
"Дала күнінің" қорытынды бөлімінде ауыл шаруашылығы саласының жас мамандары үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бүгін 25 шілдеде А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының өкілдері Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылында өткен "Дала күніне" қатысты.

Іс-шараны Неміс аграрлық орталығы мен Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Чаглинка ауылындағы Қазақстандағы қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы әдістері мен технологияларын тұрақты дамыту қауымдастығы ұйымдастырды.

Жиынға ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықов және Германияның ҚР-дағы Елшісі Тило Клиннер қатысты.
Іс-шараға қатысушыларға еуропалық жетекші өндірушілердің далалық техникасы, себу мерзімдері мен нормалар бойынша іс тәжірибелер, тыңайтқыштардың әр түрлі мөлшерін енгізу, сондай ақ нақты егіншілік жүйесі көрсетілді.

"Дала күні" барысында өндіруші компаниялар ауыл шаруашылығы техникалары мен мал шаруашылығына арналған құрал-жабдықтарды таныстырды.

"Дала күнінің" қорытынды бөлімінде ауыл шаруашылығы саласының жас мамандары үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

1 352 -рет қаралды