Генетикалық ресурстар зертханасының қызметкерлері дәнді және дәнді-жемдік дақылдардың далалық тәжірибелерін салуды аяқтады
Главная / Жаңалықтар / Жаңалықтар
Дәнді дақылдардың генетикалық ресурстары зертханасының мамандары 25-26 мамырда егіс науқаны барысында ССФК -7 тұқым сепкішімен егістік тәжірибелерін салу жұмыстарын жүргізді.Учаскелердің ауданы 2 м2. Салынған стандартты сорттар: жаздық бидай – Астана, Ақмола 2, Целинная юбилейная, Дамсинская 90, арпа – Астана 2000, сұлы – Думан, Байзатвас 10 саннан кейін егіледі.
Биыл С.Сейфулин атындағы ҚАТУ агрономия факультетінің 3 курс студенттері жұмыс барысында жаңа білім мен тәжірибелік дағдыларды меңгереді. Атап айтсақ, Джадаев Ярослав Алтынбекұлы, Жұмағұлова Ақжан Қайратқызы, Мукашева Динара Закировна дәнді дақылдардың коллекциялық питомнигінде қолмен егу жұмыстарына үлкен қызығушылық танытып, ерекше белсендітік көрсетті.
547 -рет қаралды