Биылғы жылы А. И. Бараева көрсетім алаңдары жасалды


Жаңалықтар


Биылғы жылы А. И. Бараева көрсетім алаңдары жасалды. Ондағы негізгі идея – шаруалар, шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен нақты егіншілік саласындағы ғылыми жетістіктердің нәтижелерін көрсету.

Егіс алқабында сорттар мен перспективалы желілер орналасқан: жаздық жұмсақ және қатты бидайдың сорттары: Шортанды 95 жақсартылған, Ақмола 2, Астана, Асыл Сапа, Шортанды 2012, Тәуелсіздік 20, Шортанды 2014, Таймас, Әл-Фараби, 67/98-13 желісі, Дамсинская 90, Корона, Дамсинская янтарная, Дамсинская 20-17, Дамсинская юбилейная, Лавина, 69-08-2 желісі; жаздық арпа: Астана 2000, Целинный 2005, Памяти Раисы, Сабир, Целинный голозерный, Целинный 60; сұлы: Арман, Никола, Антей, Ишимская 13, Думан, Байзат; тағамдық және жемдік бағыттағы тары: Кредо, Укосное, Экспромт; қарақұмық: Шортанды 4, Шортанды 6; судан шөбі: Ника; бұршақ: КАСИБ, Статус, Оріс; жасымық: Крапинка, Шырайлы, Сакура.

Бұл сорттардың көпшілігі Қазақстан Республикасының селекциялық жетістіктерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген. 2019 жылы бұл сорттар 5 млн га жерге немесе Қазақстан Республикасының бидай егіс алқабының шамамен 31% -ына себілді.

Егіншілік бөлімінің қызметкерлері жаздық бидай дәнінің өнімділігі мен сапасына өсіп-өндіру технологияларын интенсификациялау деңгейінің әсерін зерттеу үшін көрсетім алаңын істеген болатын. Тәжірибелік алаңда интенсификация факторларының әртүрлі үйлесімдерінің нұсқалары орналастырылған – тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау заттарын, тамырдан тыс үстеп қоректендіруді және өсімдіктердің өсуін реттегіштерін қолдану. Тәжірибе нәтижелері жаздық бидайдың өнімділігі мен сапасын қалыптастыруға әрбір фактордың үлесін және олардың үйлесімін бағалауға мүмкіндік береді.скачать dle 12.0
806 -рет қаралды

Басқа да


Серіктестер
Наверх Наверх